×
442.05
474.14
4.74
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
442.05
474.14
4.74

Бір апта кезек күтеді: Үш ел шекарасында Қазақстанның жүздеген жүк көлігі қаңтарылып тұр

06.11.2023, 18:01
фото: ашық дереккөзден

Бұл туралы СІМ ресми өкілі Айбек Смадияров мәлім етті, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Оның сөзінше, еліміздің жүк көліктері Беларусь, Латвия және Литва шекарасында қаңтарылып тұр. СІМ өкілі жауапты ведомстволар мәселені шешу үшін қолдан келгеннің бәрін жасайтынын жеткізді.

«Қазақстан елшіліктері, Көлік министрлігі Беларусь, Латвия және Литва билігімен мәселені шешу үшін келіссөз жүргізіп жатырмыз», - деді ол.

Смадияров 700-ге жуық қазақстандық жүк көліктерінің жүргізушілері шекарада 7-8 күн бойы кезек күтуге мәжбүр екенін айтты. Ол мұны болжанған жағдай деп атады.

Айта кетейік, жуырда қазақ-қырғыз шекарасында тағы да кептеліс пайда болып, 400-ден астам көлік кезек күтіп тұрғаны хабарланған.Қырғыз Шекара қызметіндегілер жүк көліктерінің жиналуы маусымдық жағдай екенін мәлімдеді.

Серіктес жаңалықтары