×
443.35
475.54
4.82
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
443.35
475.54
4.82

Бос әңгіме: Жұманғарин Қазақстанды "Путиннің артқы ауласы" дегендер жайлы

07.11.2023, 13:49
Коллаж: Ulysmedia.kz

Премьер-министрдің орынбасары Серік Жұманғарин Қазақстанды "Путиннің артқы ауласы" деп атаған әйгілі әлемдік БАҚ-тағы шулы тақырыпқа қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Өткен аптада елімізге Франция президенті Эммануэль Макрон келді. Bloomberg басылымы батыс саясаткері “Путиннің артқы ауласына” қонды деп жазды. Бұл мақала желіде үлкен резонанс тудырды және қазақстандықтардың ашуына тиді.

Ақпараттық агенттіктің қитұрқы тақырыбына қатысты пікір білдірген Жұманғарин Қазақстанның ешкімге тәуелді емес екенін айтты.

"Қазақстан ешкімнің артқы ауласы емес. Біз - сан ғасырлық тарихы бар тәуелсіз елміз. Жақында Түркістанда ресейлік әріптестерімді Қожа Ахмет Яссауи кесенесіне апардық. Сол кезде экскурсовод залдардың бірінде хан өз кезеңінде елшілерді қабылдағанын айтты. Ол өте көп жыл бұрын болды. Сонда ресейлік әріптесімнің бірі біздің тарихымыз жайлы ештеңе білмейтінін мойындады. Кімнің артқы ауласы екенбіз? Мұның бәрі бос әңгіме", - деді Жұманғарин.

Айта кетейік, бұдан бұрын Серік Жұманғарин Путиннің Қазақстанға келудегі мақсаты жайлы пікір білдірген. Оның айтуынша, Ресей басшысының сапары аясында екі ел президенттерінің келіссөздерін өткізу жоспарланып отыр, оның барысында Қазақстан-Ресей стратегиялық әріптестігінің өзекті мәселелері талқыланбақ.

Серіктес жаңалықтары