×
442.05
474.14
4.74
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
442.05
474.14
4.74

Алдымен экономика, содан соң саясат: Жұманғарин Путиннің Қазақстанға сапары жайлы

07.11.2023, 11:41
Коллаж: Ulysmedia.kz

Владимир Путиннің сапары аясында екі ел президенттерінің келіссөздерін өткізу жоспарланып отыр, оның барысында Қазақстан-Ресей стратегиялық әріптестігінің өзекті мәселелері талқыланады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Журналистер премьер-министрдің орынбасары Серік Жұманғариннен Украинаға басып кірген елдің көшбасшысы Путиннің келуі аясында Қазақстанда тәртіпсіздіктер туындауы мүмкін деген алаңдаушылық жайлы сұрады.

"Жоқ, менде ондай алаңдаушылық жоқ. Неге қорқуымыз керек? Бұл - бізді достық пен тату көршілік қатынастар байланыстыратын мемлекеттің көшбасшысы. Оның ішінде сауда-экономикалық қатынастар. Форумда біз ең алдымен елдеріміздің тұрғындары үшін шешілуі тиіс мәселелерді талқылаймыз. Жиын ауыл шаруашылығына арналады. Мұнда қандай саясат болуы мүмкін? Сарапшылар, өңірлердің басшылары келіп, сауда-экономикалық келісімдерге қол қойылады. Алдымен экономика, содан кейін саясат. Ресей Федерациясымен тауар айналымымыз 27 млрд теңгені құрайды. Бүгінгі таңда Қазақстанның ең ірі сауда серіктесі", - деді ол.

Путин сапарының мақсаты не?

Ақорданың хабарлауынша, Ресей басшысын елімізге Қасым-Жомарт Тоқаев шақырған.

“Сапар барысында екі ел басшылары келіссөз жүргізіп, Қазақстан мен Ресей арасындағы стратегиялық серіктестіктің өзекті мәселелерін талқылайды деп жоспарланып отыр. Бұдан бөлек, президенттер Қостанайда өтетін Қазақстан мен Ресейдің XIX Өңіраралық ынтымақтастық форумына бейнебайланыс режимінде қатысады”, – делінген хабарламада.

Айта кетейік, бірнеше ай бұрын қостанайлықтар Путиннің келуіне жергілікті биліктің бюджет қаражатын аямай, барынша мұқият дайындалып жатқанын айтқан. Алайда билік үкіметтің резервінен тек инфрақұрылымды жақсарту үшін ақша бөлінгенін алға тартты.

Есептеулерге сүйенсек, Қостанайдың инфрақұрылымын дамытуға 13 млрд теңге жұмсалған. Үш мемлекеттік сатып алу ҚР Президентінің және "өзге де күзетілетін тұлғалардың" қызметі үшін деп көрсетілген.

Сондай-ақ, бұдан бұрын Қостанай әкімдігі Путиннің келуіне наразылық білдірмек болған белсендіге қоқан-лоқы көрсеткені хабарланған.

Серіктес жаңалықтары