×
439.43
473.31
4.82
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
439.43
473.31
4.82

«Өрт қоюға оқталған»: Семей орманынан тұтатуға дайындалған бұталар мен резеңкелер табылды

07.11.2023, 16:24
әлеуметтік желіден

Семейде орман ішінен от қою үшін дайындалған құрғақ бұталар мен жеңіл көліктің резеңкелері табылды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Жергілікті тұрғындар әлдебіреулер орманды өртеуге оқталған деп алаңдаулы. Полицияға хабар берілген, күдікті іздестіріліп жатқаны хабарланды.

"Мемлекеттік инспекторлар патрульдеу кезінде аталған фактіні анықтады. Оқиға орнына жедел топ шығып, фото және бейнетіркеу жүргізді, акт жасалды, материалдар осы әрекетті жасаған адамдарды анықтау және одан әрі процестік шешім қабылдау үшін құқық қорғау органдарына берілді.

Рейдтік іс-шара барысында мемлекеттік инспекторлар Семей филиалының Краснокордон орманшылығының №1 аумағында осындай фактіні анықтады, материалдар шешім шығару үшін құқық қорғау органдарына берілді", - делінген “Семей орманы” резерватының хабарламасында.

Осы орайда орманшылар жергілікті тұрғындарға жүгінді.

"Мемлекеттік инспекторлар қоршаған ортаны қорғау және сақтау мақсатында, оның ішінде демалыс және мереке күндері күн сайын патрульдеу және рейдтік іс-шараларды жүзеге асырады. Құрметті Семей қаласының тұрғындары! Осындай фактілерді анықтаған кезде сенім телефонына қоңырау шалуыңызды өтінеміз: 8 775 138 8877", - делінген хабарламада.

Еске салайық, “Семей орманы” резерваты аумағында 8 маусымда өрт тұтанған болатын. 9 маусым күні кешке қарай оның аумағы 60 мың гектарға дейін жетті. Осыған байланысты Семей қаласында төтенше жағдай жарияланды.

Абай өңіріндегі ел тарихындағы ең ірі өртке байланысты Төтенше жағдайлар министрлігінің басшысы Юрий Ильин қызметінен босатылып, жаңа министр тағайындалды. Абай облысының әкімі өз міндетін дұрыс атқармағаны үшін сөгіс алды.

Өртпен арпалысып жүріп 14 адам қаза тапты. Қаралы оқиғаға байланысты 12 маусым елімізде Аза тұту күні болып жарияланды.

Бұдан бұрын Бас прокуратура орман өртінің шығуы себебі бойынша үш нұсқа тексеріліп жатқанын айтты.

Сондай-ақ, ҚР Бас прокурорының орынбасары Жандос Өмірәлиев Абай облысындағы орман өрті бойынша өз қызметіне салғырт қараған шенеуніктер қылмыстық жауапкершілікке тартылатынын мәлімдеген.

 

Серіктес жаңалықтары