×
443.35
475.54
4.82
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
443.35
475.54
4.82

Бүгіннен бастап Астана әуежайын араб компаниясы басқарады

08.11.2023, 15:12
фото: ашық дереккөзден

Араб инвесторы - Terminals Holding компаниясы Астана халықаралық әуежайының жұмысын қолға алды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

“8 қарашада шетелдік инвестор БАӘ-нің Terminals Holding компаниясы мен Астана халықаралық әуежайы арасындағы бірлескен жұмыс басталды. Бүгін шетелдік инвестор Астана халықаралық әуежайының серіктестеріне, әуекомпанияларға өздерін таныстырып, алдағы жоспарларын бөлісті”, – деп хабарлады әуежайдың баспасөз қызметі.

Әуежайдағылар 18 қазанда ҚР премьер-министрі Әлихан Смайыловтың Түркістан облысына жұмыс сапары барысында Terminals Holding компаниясымен ынтымақтастық туралы келісімге қол қойғанын еске салды. 

"Негізгі мақсат - Астана әуежайын мультимодальді хаб ретінде дамыту, инвестиция құю арқылы ұшу-қону жолағын күрделі жөндеу жасау, жүк терминалының қуаттылығын және жолаушылар ағынын арттыру. Бұл Астана халықаралық әуежайының ұшу-қону жолағында сағатына 20 ұшу және қону операциясын орындауға мүмкіндік береді. Ал жүк терминалының аумағы 3,3 мың шаршы метр болады. Астана халықаралық әуежайы жылына 11 мың тонна жүкті қабылдау және жөнелту жұмысын жүргізіп келеді", – делінген хабарламада.

Ортақ келісім 1 жылға қарастырылғаны атап өтілді.

"Бір жыл көлемінде инвестор Астана әуежайының әлеуетін зерделеп, мүмкіндіктерін қарастырады. Содан кейін нақты инвестиция көлемі мен ұзақ мерзімді келісімшарт жасасу мәселесі қарастырылады", – деп мәлім етті әуежайдың баспасөз қызметі.
Серіктес жаңалықтары