×
441.66
475.14
4.86
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
441.66
475.14
4.86

Қазақстан банктерінде несиелердің өсу қарқыны депозиттерден екі есе жоғары

08.11.2023, 18:01
Коллаж: Ulysmedia.kz

Қазақстандық банктердің жағдайына сараптама жүргізген S&P Global Ratings халықаралық талдау агенттігінің сарапшылары қарыз жүктемесінің деңгейі жүйедегі қаржылық қор деңгейіне қарағанда әлдеқайда тез өсіп келе жатқанын мәлімдеді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

S&P Global Ratings "Қаржы институттары" бағыты бойынша директоры Сергей Вороненконың сөзінше, Қазақстандық банктердің бөлшек несиелендіру қарқынын арттыруы бір жағынан, үй шаруашылықтары берешегінің айтарлықтай қалыпты деңгейін көрсетеді, алайда, екінші жағынан, осы сегментте тәуекелдердің өскенін жоққа шығаруға болмайды.

"Ең алдымен, мен жанама көрсеткішке назар аударғым келеді – бұл бөлшек несиелердің бөлшек депозиттерге қатынасы. Соңғы екі жылда бөлшек несие портфелі шамамен 30-40% – ға, ал бөлшек депозит портфелі 2021 жылы 22%-ға және 2022 жылы 16%-ға өскенін көреміз. Бөлшек несиелеудің өсуінен шамамен екі есе аз", – деді Вороненко.

Сарапшы қарыз жүктемесінің деңгейі жүйедегі әл-ауқат деңгейіне қарағанда әлдеқайда жылдам өсіп келе жатқанын атап өтті. Қарыз жүктемесі туралы айта келе, ол еліміздегі несиені ең көп алатын өңірлер – Алматы, Астана, Шымкент сияқты ірі мегаполистер екенін айтты.

Еске салайық, бұдан бұрын Мәжіліс төрағасы Ерлан Қошанов банктерден шектеусіз кредит алып, қарызға белшесінен батып отырған азаматтардың саны артқанын мәлімдеген.

Қошанов келтірген мәліметке қарағанда, қазіргі уақытта халықтың 84 пайызында, яғни 8,4  миллионнан астам адамның қарызы бар екен. Соңғы бір жарым жыл ішінде бұл көрсеткіш 27 пайызға өскен. 90 күннен кешіктірілген қарыз көлемі – шамамен 1,4 трлн теңге. Яғни, 1,7 миллион адам қарызын уақытылы төлей алмай отыр деген сөз. Осының бәрі несие проблемасының қаншалықты асқынып кеткенін көрсетеді.

Ішкі істер министрінің орынбасары Игорь Лепеханың айтуынша, халықтың қарызға белшеден батуы ауыр зардаптарға әкелуде. Мәселен, биыл несиесін өтей алмаған 12 адам өз-өзіне қол жұмсаған.

Кешегі үкімет отырысында премьер-министр Әлихан Смайылов адамдардың қарызға белшеден батуына қаржылық сауатсыздық себеп болып отырғанын айтты. Екі министрлікке халықтың қаржылық сауатын арттыру міндеті жүктелді.

Серіктес жаңалықтары