×
443.44
480.51
4.88
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
443.44
480.51
4.88

Путин: Қазақстан – одақтастарымыздың ішінде ең жақыны

09.11.2023, 16:15
Ақорда

Ресей басшысы Ақордада мемлекет басшыларының кеңейтілген құрамдағы кездесуінде осындай мәлімдеме жасады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

«Біз жаңа шағын құрамда қаржылық өзара байланыс туралы айттық. Біз қазіргі жағдайға байланысты барлық қиындықтарды түсініп отырмыз. Ұлттық қызығушылықтардың басымдықтарды ескере отырып ешқандай халықаралық міндеттерді бұзбай ұлттық мүдде үшін қызмет ете аламыз. Осылайша, халықаралық аренада егемендігімізді нығайтамыз. Кез келген ел үшін егемендік мәселесі маңызды. Жоғары технология саласындағы білім сияқты мемлекеттің тұтастығындағы, ұлттың болашағындағы егемендік мәселесі өте маңызды», - деді Путин.      

Ресей басшысының сөзінше, халықтың қызығушылығы мен ұлттық қызығушылық әркез басымдыққа ие болуы керек.   

«Біз Ресейде осы ұстаным бойынша жұмыс істейміз. Біздің одақтастарымыз да, оның ішінде Қазақстан да… Қазақстан – одақтастарымыздың ішіндегі ең жақыны. Біздің қарым-қатынас дәл осылай қалыптасып отыр»,- деді Владимир Путин.    

Айта кетейік, бұдан бұрын Ресей Қазақстанда 3 ЖЭО құрылысына қатысатыны хабарланған.

Сондай-ақ, су тапшылығы мәселесін көтерген Қасым-Жомарт Тоқаев Владимир Путинге екі елдің күш-жігерін біріктіру қажеттігін айтты.

Серіктес жаңалықтары