×
443.85
474.3
4.8
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
443.85
474.3
4.8

Ол саясатты әрі қарай жүргіземіз – Досаев базалық мөлшерлемені тағы көтеру жайлы

20.10.2021, 11:54
Фото: Ашық дереккөзден

Ұлттық банк төрағасы Ерболат Досаев инфляцияны 4-6% дәлізіне қайтару үшін қандай шара қабылданатынын айтты, деп хабарлайды ulysmedia.kz.

Айта кетсек, Мәжілісте бүгін 2022 – 2024 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы заң жобасы талқыланған болатын. Заң жобасын талқылау барысында депутат Ғалымжан Елеуов ұлттық банк төрағасы Ерболат Досаевқа сұрақ қойды.

«Ұлттық статистика бюросының ақпараты бойынша қыркүйекте жылдық инфляция 8,9% құрады. Осы жылдың инфляцияның өсуінің басты себебі – азық-түлік өнімдерінің қымбаттауы болды. Сонымен бірге азық-түлік емес тауарлар да, мысалы жанар-жағармай материалдары да қымбаттап кетті. Азық-түлік тауарларының инфляциясы 11,5%, азық-түлік емес тауарлардыкі 7,5% жетті. Инфляцияға монетарлық емес факторлар да, монетарлық факторлар да әсер ететіні бәрімізге мәлім. Айтыңызшы, 2022 жылы инфляцияны 4-6% дәлізіне қайтару үшін ұлттық банк тарапынан қандай шаралар қабылданып жатыр», - деп сұрады мәжілісмен.

Бұл сұраққа жауап берген Ерболат Досаев Қазақстанда бүгінгі таңда инфляцияың жеделдеуіне сыртқы факторлармен бірге ішкі факторлар да әсер ететінін айтты.

«Үкіметпен бірлесіп, мемлекет басшысының тапсырмасын орындау үшін инфляцияға ден қою шараларының нәтижелерін бірге қабылдадық. Осы жылғы мақсатымыз – азық-түлік инфляциясын 7,5-8% дейін жеткізу. Ендігі жылы 4-6% жету үшін ұлттық банк өз тарапынан дезинфляциялық монетарлық саясатты ұстанады. Біз алдында айтқандай, шілде мен қыркүйектің арасныда базалық ставканы көтеру туралы шешім қабылдаған болатынбыз. Ондай саясатты ары қарай жүргізетін боламыз. 4-6% дәлізге ендігі жылы жеткізуге мүмкіншілік бар», - деді ол.

Серіктес жаңалықтары