×
444.14
477.05
4.85
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
444.14
477.05
4.85

Астанада отын-энергетика кешені басқармасының басшысы қамауға алынды

13.11.2023, 17:24
әлеуметтік желіден

Елордада отын-энергетика кешені басқармасының басшысы Марсель Ұзақов ұсталып, қамауға алынғаны туралы ақпарат тарады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Астана соты Ұзақовтың екі айға қамауға алынғанын растады.

Десе де, соттағылар оның қандай бап бойынша айыпталғанын нақтылаған жоқ.

Ашық дереккөздерде Ұзақов туралы ақпарат жоқтың қасы. Отын-энергетика кешені басқармасы елорданың барлық инфрақұрылымдық объектілері бойынша тендерлер өткізу бойынша тапсырыс беруші болып табылатыны ғана белгілі.

Айта кетейік, бұдан бұрын "Қазарнаулыэкспорт" республикалық мемлекеттік кәсіпорнының бас директоры Арман Рамазанов ұсталған. Ол көрші мемлекеттерден әскери техниканы жеткізу кезінде ұрлық жасады деген күдікке ілінді.

Серіктес жаңалықтары