×
442.05
474.14
4.74
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
442.05
474.14
4.74

Қазақстаннан көмір экспорттауға тыйым салынды

14.11.2023, 11:07
фото: ашық дереккөзден

ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрі қол қойған бұйрық бойынша ел аумағынан алты ай мерзімге көмірдің кейбір түрлерін автомобильмен әкетуге тыйым салынады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Атап айтқанда:

  • тас көмір;
  • брикеттер, түйіршіктер және көмірден алынған ұқсас қатты отындар: көмір, ұнтақталған немесе ұнтақталмаған, бірақ агломерацияланбаған;
  • қоңыр көмір немесе сұр көмір, агломерацияланған немесе агломерацияланбаған, гагаттан басқа.

 

Бұйрық 2023 жылғы 21 қарашадан бастап қолданысқа енеді және 2023 жылғы 26 қарашадан бастап туындаған құқықтық қатынастарға қолданылады.

Айта кетейік, бұдан бұрын қостанайлықтар көмір тапшылығына шағымданған.

Жылыту маусымы басталғалы Шұбаркөл көмірі елдің біраз өңірінде қат болып тұр. Қарағанды өңірінің жер үйінде тұратын халық былтырғыдай көмірді қыс түспей сатып алмақ еді, әттең құр қалды: бірінің қымбат көмірге ақшасы жетпеді, екіншісі алам деп барып, көмірдің орнын сипап қалды. Көмірді сұрап келген халыққа сататындардың айтуынша, Шұбаркөлдің "қара алтыны" қазба орындарынан бірден Еуропа, Қытайға және тағы басқа елдерге жөнелтіледі екен. Тіпті қыс түскен сайын көмір нарығын бақылауға алуға тырысатын мемлекет те мұндайда мүлдем дәрменсіз көрінеді. Ulysmedia.kz тілшісі жуырда осы сұраққа жауап іздеп көрген.

Серіктес жаңалықтары