×
443.37
474.49
4.83
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
443.37
474.49
4.83

Кәрім Мәсімовтің үстінен тағы да қылмыстық іс қозғалды

14.11.2023, 12:38
Коллаж: Ulysmedia.kz

Ұлттық қауіпсіздік комитеті ведомствоның бұрынғы басшысы Кәрім Мәсімовтың үстінен тағы қылмыстық іс қозғалғанын хабарлады, деп жазады Ulysmedia.kz

К.Мәсімовке қатысты ҰҚК 218 бабы «қылмыстық жолмен алынған ақшаны және (немесе) өзге мүлікті заңдастыру (жылыстату) және 366 «ірі мөлшерде пара алу» баптарында қарастырылған қылмыстық құқықбұзушылық белгілері бойынша сотқа дейінгі тергеуді жалғастырып жатыр», - делінген ҰКҚ ресми өкілінің Ulysmedia тілшісіне берген жауабында.

Осыған байланысты Кәрім Мәсімов прокуратура санкциясымен тергеу амалдарын жүргізу үшін Астана қаласындағы ҰҚК оқшаулау орнына жеткізілген.

Еске сала кетейік, биыл сәуірде Астана қаласының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында Кәрім Мәсімовке, А.Садықұловқа, Д. Ерғожинге, М. Өсіповке (ҚР ҰҚК төрағасының бұрынғы орынбасарлары) қатысты қылмыстық іс бойынша үкім жарияланды. Сот істі "өте құпия" деген белгімен қарады. Мәсімовтың өзі 18 жылға сотталды. Оның бұрынғы орынбасарлары да әртүрлі жазаға кесілді.

 

Серіктес жаңалықтары