Үш ай ішінде Qazaq Air компаниясының бақылау пакетін сатып алғысы келетін бірде-бір адам табылған жоқ, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
"Самұрық-Қазына" қорының баспасөз қызметі хабарлағандай, "Qazaq Air" АҚ жекешелендіру бойынша конкурс өткізілмеді деп танылды. Өйткені ешкім компанияға иелік етуге ниет білдірмеген.
Енді қор Qazaq Air-ді жекешелендіру үшін жаңа байқау өткізуі тиіс. Сауда-саттыққа әуе тасымалдаушының 49-дан 100%-ға дейінгі акциялары қайта шығарылады. Жаңа конкурстың мерзімі мен шарттары кейінірек жарияланады.
Еске салайық, 18 тамызда Qazaq Air әуе компаниясы жекешелендіруге шығарылды. Өтінімдер 28 қыркүйекке дейін қабылданатыны хабарланған.
Бұл туралы Көлік министрі Марат Қарабаев бірнеше компанияға Qazaq Air-ді сатып алу ұсынылғанын мәлімдеген.