Астанада "Оператор РОП" ісіне қатысты қылмыстық іс бойынша сот талқылауы жалғасуда, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
Отырыс барысында прокурор "Оператор РОП" -тың бұрынғы басшысы Шынар Мұқтарованы кінәлі деп танып, шартты түрде жеті жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасын тағайындауды сұрады. Сонымен қатар айыптаушы жақ оған бес жылға басшылық қызметте жұмыс істеуге тыйым салуды сұрайды.
"Мен оны қоғамнан оқшауламай-ақ түзелуіне және қайта тәрбиеленуіне болады және оған жеті жылға бас бостандығынан айыру жазасын тағайындау керек деп санаймын. Жаза шартты түрде берілу керек", - деді прокурор.
Сонымен қатар ол бұлтартпау шарасын ешқайда шықпау жөніндегі шараға алмастыруды сұрады.
Бүгін, 15 қарашада, Астананың қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық сотында тұңғыш президенттің кіші қызы Әлия Назарбаеваның бұрынғы "үй қызметшісі" және "Оператор РОП" компаниясының ресми экс-құрылтайшысы Шынар Мұқтарованың қылмыстық ісі бойынша сот процесі жалғасты.
Ulysmedia.kz осы атышулы бизнестегі оқиғаларды бастан-аяқ қалай өрбігенін бақылап отыр. Алайда Мұқтарова компанияның қалайша құрылтайшысы болды деген басты сұраққа жауап әлі табылмады. Сотталушының өзі Әлия Назарбаевамен байланысын есіне алғысы келмейтін сияқты.
Еске салайық, Мұқтарова екі қылмыстық бап – 28-баптың 3-бөлімі (қылмыстық құқық бұзушылықты ұйымдастыру) және 189-баптың 4-бөлімі (сеніп тапсырылған бөтеннің мүлкін иемдену немесе ысырап ету) бойынша айыпталып отыр.