×
442.05
474.14
4.74
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
442.05
474.14
4.74

Газа секторында болған қазақстандықтар Каирге жетті

15.11.2023, 17:43
Фото: gov.kz

Қазақстандық дипломаттар мен халықаралық ұйымдардың қызметкерлері отандастарымызға барлық қажетті көмек көрсетіп жатқаны хабарланады, деп жазады Ulysmedia.kz.

Сыртқы істер министрлігі бүгін Газа секторынан эвакуацияланған қазақстандықтар Каирге келіп, қонақүйге орналастырылғанын хабарлады.

Қазақстандық дипломаттар мен халықаралық ұйымдардың қызметкерлері оларға барлық қажетті көмекті, оның ішінде психологиялық қолдауды көрсетіп жатыр.

Сонымен қатар, азаматтар мен олардың отбасы мүшелерін құжаттандыру мәселелері шешілуде.

Бүгін эвакуацияның бірінші кезеңі өткен. Соның нәтижесінде Газа секторынан "Рафах" бақылау-өткізу пункті арқылы Қазақстанның 92 азаматы мен олардың отбасы мүшелері Египет аумағына өткен.

Бұған дейін Газа секторында 76 қазақстандық қалып отырғаны хабарланған болатын. Сондай-ақ, Газа секторында Қазақстан азаматы мен қызының қаза тапқаны белгілі болды.

Еске сала кетейік, 7 қазанда палестиналық ХАМАС қозғалысы Израильге қарсы шабуыл жасады. Газа секторынан Израильге қарай мыңдаған зымыран атылып, қарулы топтар Израиль елді мекендеріне кірді. Бұған жауап ретінде Израиль армиясы ондаған жойғыш ұшақты пайдаланып, Газа секторында Хамасқа қарсы «Темір қылыштар» операциясын бастағанын хабарлады.

Қазақстан ХАМАС-тың  израильдік бейбіт тұрғындарға шабуылын және шетел азаматтарын кепілге алуын айыптады. Сондай-ақ, еліміз Израильді Газа секторында көптеген бейбіт тұрғындардың қаза болуына және азаматтық инфрақұрылымның жойылуына әкеліп соғатын пропорционалды емес күш қолданудан бас тартуға шақырды.

Сондай-ақ, Қазақстан 120 елмен бірге Таяу Шығыста тез арада атысты тоқтатуды талап ететін қарарды қолдады. Көпшілік дауыспен БҰҰ Бас ассамблеясы бір топ араб елдері ұсынған Израиль мен Хамас арасында Газа секторындағы атысты тоқтатуды талап ететін қарарды мақұлдады. Бұл қарарға 120 ел дауыс берді, Израиль мен АҚШ-ты қосқанда 14 ел қарсы болды. Тағы 45 ел, оның ішінде Украина да қалыс қалды.

Бұдан бұрын Газа секторында Қазақстан азаматы қаза тапқаны хабарланған.

6 қарашада өткен брифингте ҚР СІМ ресми өкілі Айбек Смадияров қақтығыс аймағында Қазақстанның 76 азаматы, отбасы мүшелерімен бірге санағанда 161 адам барын мәлімдеді.

Серіктес жаңалықтары