×
444.14
477.05
4.85
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
444.14
477.05
4.85

Мемлекетке 86,7 млрд теңге залал келтірген Olimp.kz ісі бойынша күдікті Германиядан жеткізілді

18.11.2023, 13:27
Фото: Ашық дереккөз

OLIMP.KZ букмекерлік кеңсесінің қызметіне қатысы бар қылмыстық топ құрамында ойын бизнесінде қылмыс жасады деген күдікке ілінген азамат Германиядан Қазақстанға экстрадицияланды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Тергеушілердің айтуынша, ол 2014-2019 жылдары заңсыз ойын ойнауға, салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді төлеуден жалтаруға, сондай-ақ қылмыстық жолмен табылған ақша мен мүлікті заңдастыруға қатысқан. Соның салдарынан мемлекетке 86,7 миллиард теңгеден астам шығын келтірілген.

Әйелге халықаралық іздеу жарияланған. Мамыр айында ол Германияда ұсталды.

Қазіргі уақытта күдікті Астанадағы уақытша ұстау изоляторына қамалды. Ол мүлкін тәркілеумен 3 жылдан 10 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

Бас прокуратура сондай-ақ Германиямен экстрадициялау туралы келісімнің жоқтығына қарамастан, биыл осы елден Қазақстанға кісі өлтірді және есірткі саудасына күдікті тағы екі адам экстрадицияланғанын атап өтті. Бопсалау және зорлау істеріне қатысы бар, іздеуде жүрген 2 адам неміс тарапына экстрадицияланды.

Серіктес жаңалықтары