Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының өкілдері Газа секторындағы Әл-Шифа ауруханасына барды. Олар онда өткізген 24 сағатта «өлім аймағын» көргендерін айтты, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы Газадағы ең үлкен және заманауи аурухана – Әл-Шифа іс жүзінде жұмысын тоқтатты деп мәлімдеді. Сонымен қатар, мұнда әлі де 300 ауыр науқас пен көптеген дәрігерлер бар, бірақ ауруды басатын дәрілер мен антибиотиктер таусылды. Бір дәрігердің айтуынша, кейбір науқастардың жаралары құрттап кеткен.
Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының өкілдері снаряд іздерін көргендерін жазды. Ауруханаға кіре берісте ДДҰ деректері бойынша 80 адамның сүйегі жерленген бейіт бар.
Сенбі, 18 қазанда жүздеген адам Әл-Шифа ауруханасынан шығарылды. ДДҰ қалған науқастар мен қызметкерлерді сектордағы басқа мекемелерге жедел эвакуациялауды ұйымдастыруға тырысуда.
Бір күн бұрын The Washington Post ақпарат көздеріне сілтеме жасай отырып, Израиль, ХАМАС және АҚШ бітімге келу жайын алдын ала келісті деп жазды.
1200-ге жуық адамын өлтіріп, 200-ден астамын кепілге алған Израиль ХАМАС лаңкестерінің шабуылына жауап ретінде Газа секторына басып кірді. Израиль басшылығы ХАМАС-ты толығымен жоюды мақсаты санайды. Газа денсаулық сақтау министрлігінің мәліметі бойынша, соғыс басталғаннан бері бұл жолақта 11 мыңнан астам адам қаза тапқан.