×
444.14
477.05
4.85
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
444.14
477.05
4.85

QazaqGaz компаниясы топ-менеджерлеріне қатысты тергеуге түсініктеме берді

22.11.2023, 14:22
Ашық дереккөзден

Бұған дейін ұсталғандары мәлім болған топ-менеджерлердің жұмыс орнында екені хабарланды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

QazaqGaz компаниясы тергеу туралы ақпаратқа түсініктеме берді.

Хабарламада есімдері аталған аппарат басшысы Сағымбеков Дидар мен «ҚазТрансГаз Өнімдері» ЖШС бас директоры Ернар Құлқыбаев жұмыста және қалыпты режимде жұмыс істеп жатыр, деп сендірді компания.

- QazaqGaz сыбайлас жемқорлықпен және басқа да сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтармен күресуге бағытталған ашық және қатаң саясат жүргізеді, сондай-ақ сотқа дейінгі тергеуге жан-жақты көмек көрсететінін атап өткіміз келеді», - делінген хабарламада.

Жуырда QazaqGaz жүйесіндегі топ-менеджерлерді тінту және ұстау туралы ақпарат пайда болған еді. Орталық аппараттың аппарат басшысы мен еншілес компанияның басшысы ұсталды деген сыбыс тараған болатын.

Ресми ақпарат

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет түсініктеме берді.

«Ведомстволық еншілес ұйымдардың қызметкерлерінің өкілеттігін асыра пайдалануы мүмкін фактілер бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде. Істің мән-жайын жан-жақты зерделеу және объективтілік үшін тергеу шаралары жүргізілді. Бұл іс бойынша әлі ешкім ұсталған жоқ. Ешкімге айып тағылған жоқ. Басқа мәліметтер жариялауға жатпайды», - деп хабарлады ведомство.

Еске салайық, бұған дейін QazaqGaz еншілес компаниясын миллиард теңгеге сатуға тырысқаны хабарланған болатын: нақты баға 13 есе жоғары.

Сонымен қатар, QazaqGaz-тың экс-басшысының Алматының орталығындағы компанияның пәтерлерін отбасы мен достарына таратпақ болғаны белгілі болды.

Сондай-ақ, QazaqGaz басшысы Ulysmedia.kz тілшісімен сұхбатында ұлттық компаниядағы ұрлық туралы айтты.

Серіктес жаңалықтары