×
441.66
475.14
4.86
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
441.66
475.14
4.86

"Қазақмыс" кәсіпорнының жұмысшысы қаза тапты

22.11.2023, 18:19
Фото: Ашық дереккөзден

Арнайы комиссия жазатайым оқиғаның мән-жайын анықтап жатыр деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

 Жезқазғандағы №2 байыту фабрикасында қайғылы оқиға орын алғаны белгілі болды.

– 1980 жылы туылған машинист конвейер механизмінде қысылып қалған. Нәтижесінде әйел өте ауыр дәрежедегі жарақат алған. Оқиға орнына келген жедел жәрдем дәрігерлері оның қайтыс болғанын айтты,  –  делінген хабарламада.

"Қазақмыс корпорациясы" ЖШС – ірі тау-кен және металлургиялық компания. 1997 жылы тамызда акционерлік қоғам ретінде құрылды және тіркелді. 2005 жылдың 14 қаңтарында компания акционерлік қоғамнан жауапкершілігі шектеулі серіктестікке қайта тіркелді.

Негізін қалаушы – Владимир Ким.

Айта кетейік, өткен айда Қазақстанның ең ықпалды бизнесмендерінің рейтингінде көшбасшы алғаш рет өзгергені хабарланды.

Сондай-ақ үздік ондықта Болат Өтемұратов, Тимур Құлыбаев, Владимир Ким, Тимур Тұрлов, Александр Машкевич, Нұрлан Смағұлов, Айдын Рахымбаев, Александр Белович, Эдуард Огай бар.

Серіктес жаңалықтары