×
444.14
477.05
4.85
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
444.14
477.05
4.85

Бұл махаббат – Райм мен Ерке ұлды болды

23.11.2023, 10:15
Ашық дереккөзден

Махаббат жасқа қарамайтынын тағы бір дәлелдеген танымал жұп – Райм мен Ерке Есмахан ұлды болды. Сүйінші жаңалықты Райымбек Бақтыгереев өзінің әлеуметтік парақшасында бөлісті, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

«Аль-Хамду ли-Ллях! Қош келдің, ұлым!» деп жазды әнші өзінің Instagram парақшасында. Желі қолданушылары мен жұлдызды жұптың оқырмандары әншілерді қуаныштарымен құттықтап, жарыса құттықтауларын жолдауда. Пікірлердің санында есеп жоқ. Минут сайын құттықтау тілектер толастамай жазылып жатыр.

Ал Ерке Есмахан әзірге әлеуметтік парақшасына ештеңе жариялаған жоқ. Оның Instagram желісіндегі парақшасында 14 сағат бұрын киім ауыстыратын бөлмесінен түскен суреті жарияланған.

Естеріңізге салсақ, Райм мен Ерке Есмахан некелерін биыл 4 сәуірде, Ораза кезінде, Түрксіб ауданының АХАТ бөлімінде тіркеген еді.

Оралхан ҚОЖАНОВ

Серіктес жаңалықтары