×
444.14
477.05
4.85
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
444.14
477.05
4.85

Араларыңда бір жігіт жоқ па?: Қуат Хамитов қазақ футболшыларын сынға алды

25.11.2023, 11:53
Фото: Ашық дереккөз

Танымал спортшы, ережесіз жекпе-жек шебері Қуат Хамитов қазақ футболшыларын сынға алды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Найман лақап атымен танылған спортшы футбол тақырыбын бірнеше жылдан бері көтеріп келе жатқанын алға тартады.

“Жігіттерге айтарым бар. Мен осы футбол тақырыбын 2016-2017 жылдардан бері көтеріп келемін. Сол кездерден бері араларыңнан бір ер жігіттің шықпағаны ма? Бүкіл футбол қауымдастығында бір жігіт жоқ па? Бәрің ауылдан шығарсыңдар, елде жағдай нашар екенін көріп жүрсіңдер ғой. Ауылдарда жол, медицина, аурухана, жедел жәрдем көлігі жоқ, не жұмыс жоқ. Жастар қандай іспен айналысарын білмейді", – деді Қуат Хамитов.

Оның пайымынша, футболшылар алып отырған жалақыларын ақтамайды және спорттағы жетістіктері де жоқ.

"Осы күнге дейін футболшылардың арасынан бір адам шыға ма деп күттім. “Жігіттер, халықтың ақшасын алғанды тоқтатайық, 30 жылда футболға 1,5 миллиард ақша кетті. Көрсетіп жатқан нәтижеміз жоқ. Не бір жарыстан ұтпадық. Әлемдік рейтингте 99-100-орында тұрмыз. Халықты тонағанды тоқтатып, демеушіні өзіміз тауып, шамамыз келгенше өзіміз нәтиже көрсетейік" дейтін бір жігіт шыға ма деп едім! Жоқ", – деді спортшы.

Айта кетейік, жақында футболдан Қазақстан ұлттық құрамасы Еуропа чемпионатына іріктеуде Словениядан 2:1 есебімен жеңіліп, жарысты аяқтаған еді. Десе де әлі бір мүмкіндіктері бар.

Серіктес жаңалықтары