×
442.05
474.14
4.74
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
442.05
474.14
4.74

Қостанай облысында 400 миллион теңге бөлінген жол құрылысы кешігіп жатыр

26.11.2023, 10:10
Фото: Ашық дереккөз

Қостанай облысындағы Родина ауылының тұрғындары жол жөндеу жұмыстарының ұзаққа созылып, асығыс төселген асфальтына шағымдануда, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

“Адамдар жол жиегімен өтіп жатыр. Ал жол жиектерін ауылда екі жыл бұрын жаңартылған су құбыры ауыстырылғаннан кейін қалған өткелсіз лай басып қалған”, – , деп жазды Хабар 24.

Тұрғындар тым болмаса қиыршық тастан бөгет жасап беруді сұрап отыр.

«Жүк көліктері осы жерден жүргенде, жол жиегін басып өтеді, бұл жақ қазірдің өзінде құлай жатыр. Жарықтарға су кірген соң жабын шыдамайды. Әрине, жолдың төселгені жақсы, бірақ бұлай жалғаса берсе, жол ұзаққа бармайды», - дейді ауылының тұрғыны Сақтаған Хажин.

Жоба бойынша жаяу жүргіншілер жолын орнату жоспарда жоқ. Ауылдың 17 көшесін орташа жөндеуден бюджетке 406 млн теңге жұмсалды. Мердігер жұмысты жаздың ортасында бітіруі керек еді, бірақ кестеге сай орындамады. Жергілікті әкімдік мердігер компанияны сотқа берді. Техникалық қадағалаудың да шағымдары бар.

"Асфальт төсеу, асфальт қоспасын төсеу кезінде заңбұзушылықтар болды. Кейбір тұстарында асфальттың төсемі талапқа емес, тым жұқа. Асфальттың сапасы да көңіл көншітпейді, опырылып қалып жатыр. Жолдардың жанына мердігер көлік қозғалысы үшін қиыршық тас төсеуі керек еді”, – дейді Родина ауылдық округінің әкімі Елена Режепова.

Мердігер компанияның кемшіліктерді қашан жоятыны белгісіз. Келесі тексеріс кезінде ақау табылмаса, көшелер пайдалануға берілуі мүмкін.

Серіктес жаңалықтары