×
441.44
473.09
4.75
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
441.44
473.09
4.75

Павлодар облысында ер адамды екі жыл құлдықта ұстаған

27.11.2023, 13:39
Иллюстрациялық фото

Бүгінде аталмыш іс бойынша тергеу жүргізілуде, полиция жәбірленушіні үйіне қайтарды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ІІМ ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес департаментінің басшысы Қанат Нұрмағамбетов 1987 жылы туған ер адамды ұрлап, Павлодар облысында еңбекке мәжбүрлегенін айтып берді.

"Қоқан-лоқы мен күш қолдану арқылы олар жақын маңдағы елді мекеннен 60 км қашықтықта орналасқан аңшы үйіне алып кеткен. Оның мойнына қарыз іліп, екі жыл бойы еңбегін қанаған. Қазір еңбегін қанау мақсатымен адамды бас бостандығынан заңсыз айыру фактісі бойынша тергеу жүріп жатыр", - деді ол.

Тергеу жүріп жатыр, ер адам үйге қайтарылды.

Бұдан бұрын Қазақстанда алты ай ішінде адам саудасына байланысты 111 қылмыс анықталғаны хабарланған болатын.

Сондай-ақ "Сана Сезім" әйелдер бастамалары құқықтық орталығының директоры Шахноза Хасанова сексуалдық және еңбек құлдығына жиі түсетін қазақстандықтардың портретін сипаттап берді.

Серіктес жаңалықтары