×
495.2
522.34
4.94
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
495.2
522.34
4.94

Маскүнем ата-ана: Екі жасар қызына арақты «ас қылған»

28.11.2023, 16:40
Маскүнем ата-ана: Екі жасар қызына арақты «ас қылған»
Иллюстрациялық фото

Соңғы уақытта балаларға қатысты оқыс жағдайлар Павлодарда жиі орын алуда. Жуырда арақпен «дос» отбасының көршілері дабыл қағып, еркітілерді аяғынан тік тұрғызып, маскүнем ата-ана кішкентай қыздарына арақ беретінін айтқан, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

24 қарашада Нұрмағамбетов көшесіндегі үйге барған полицейлер анасының ішімдік ішкенін, қызын тәрбиелемейтінін, қолайлы жағдай жасамайтынын анықтаған.

«Ювеналды полиция қызметкерлері анаға қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 127-бабы бойынша әкімшілік материал құрастырды. Материал сотқа жіберілді. Отбасы Павлодар қаласы ЖПБ-да есепте тұрған. Ананың мінез-құлқын қалалық кәмелетке толмағандардың істері және құқықтарын қорғау комиссиясы қарайды», – деп хабарлады Павлодар облысының полиция департаменті.

Облыстық денсаулық сақтау басқармасы да кішкентай баланың жағдайына тоқталды:

«Бала облыстық балалар ауруханасына жеткізілді. Тексеруді педиатр жүргізді. Алкотестер сынағы үшін ешқандай көрсеткіштер болған жоқ. Бала ауруханаға есі дұрыс, алкоголь иісі жоқ, жүріс-тұрысы бұзылмаған қалыпта түсті. Жалпы жағдайы қанағаттанарлық. Бала күтім көрмеген. Сауалдарға адекватты жауап береді».

Қыз бала бүгінде балалар үйінде.

Оралхан ҚОЖАНОВ