×
443.37
474.49
4.83
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
443.37
474.49
4.83

«Эксимбанк» экс-басшысы Қазақстанға экстрадицияланады

29.11.2023, 10:45
Коллаж Ulysmedia

Қазақстанның Бас прокуратурасы "Эксимбанк" басқармасының бұрынғы төрағасы Еркін Әмірхановты АҚШ-тан экстрадициялау процесін бастады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Ведомствоның айтуынша, ол Қазақстан Республикасы ҚК-нің 189-бабы бойынша сеніп тапсырылған бөтен мүлікті иемденгені және талан-таражға салғаны үшін қылмыстық жауапкершілікке тартылады. 

2023 жылдың қыркүйегінде тергеушілер банкте шамамен 33 млрд теңге көлеміндегі ұрлық жасау фактісі бойынша тергеуді аяқтады.

Еске сала кетейік, Әмірханов Қазақстаннан 2018 жылы кеткен болатын. Ол өз сұхбаттарында қомақты қаражатты оның серіктесі Александр Клебанов алғанын айтқан еді.

Қазақстанда үш ықпалды олигарх – Клебанов, Кан және Әмірханов арасындағы дау қызу талқыланып жатыр. Соңғысы бұрынғы серіктестерін айыптап, америкалық сотқа жүгінген. Бұрынғы премьер-министр Әкежан Қажыгелдин осы іске байланысты өз көзқарасы қандай екенін Ulysmedia.kz. порталына берген сұхбатында айтып берді.

Егер сіз, мысалы, АҚШ валютасын пайдаланып бизнес жасасаңыз, сіз теориялық тұрғыдан олардың юрисдикциясына түсесіз. Азамат АҚШ-та тұрады. Ол бұрынғы серіктес. Кезінде Қазақстанның бұрынғы EXIM банкін олар бірге тоналып кеткенін және капиталды доллармен шығарғанын біледі. Оны қазақша айтқанда, істен шығарып, ҰҚК арқылы қылмыстық іс қозғаған кезде ол АҚШ-қа кетіп қалды. Сол жақта бұрынғы серіктестеріне қарсы дауды бастады, меніңше, осы жолда тоқтамайтынын ескерткен болуы керек, – дейді Әкежан Қажыгелдин.

Серіктес жаңалықтары