×
443.35
475.54
4.82
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
443.35
475.54
4.82

Тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы петиция жарамсыз: заңды платформа қашан іске қосылады

06.12.2023, 12:56
Unsplash

Әділет министрі Азамат Есқараев Қазақстандағы петициялардың жаңа тұғырнамасы туралы айтып берді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Министрдің айтуынша, елімізде азаматтық петициялардың жұмысы туралы заң қабылданған. Алайда, тұрғындарға петицияларға ресми түрде қол қоя алатын платформалар әлі дайын емес. Бұл ретте, петицияларға қол қоятын өзге платформалар заңсыз болып табылады.

   «Платформа жақын арада іске қосылады. Мерзім бойынша уәкілетті органға жолдау қажет. Мен петиция ескі базада белгілі бір дауыс жинағанын түсінемін, бірақ ол жаңа платформа негізінде де, қабылданған заңға сәйкес де жасалмады», - деді Есқараев.

«Әділет министрлігі формализммен айналысады, азаматтар жаппай қол қойған петицияны неге назарға алмайды?» деген сұраққа ведомство басшысы «Қазақстан – құқықтық мемлекет, сондықтан барлығы заңды басшылыққа алуы керек», деді.

   «Менде ресми көзқарас жоқ, бірақ заңды түрде негізделген тәсіл бар. Заң қабылданды, уәкілетті органның тиісті жұмысы платформаны әзірлеу бойынша жүргізіледі. Егер жұртшылық бұл мәселені қайтадан көтеріп, дауыс беруді орынды деп санаса, біз заңға сәйкес қарауға міндеттіміз», - деді Есқараев.

Бұған дейін әділет вице-министрі Алма Мұқанова 150 мың қазақстандық қол қойған тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы петицияның заңсыз екенін мәлімдеген еді.

Серіктес жаңалықтары