×
495.2
522.34
4.94
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
495.2
522.34
4.94

Олигарх Төлешовке тиесілі болған Фосфоршылар сарайы Шымкент әкімдігінің балансына алынды

07.12.2023, 14:49
Олигарх Төлешовке тиесілі болған Фосфоршылар сарайы Шымкент әкімдігінің балансына алынды
Коллаж: ulysmedia.kz.

Бұл жайлы орталық коммуникациялар Шымкент қаласының әкімі Ғабит Сыздықбеков мәлім етті, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

– Сіз кезінде мемлекет меншігіне Шымкенттегі фосфоршылар сарайы өтетінін хабарлаған еді. Ол кезінде олигарх Тоқтар Төлешовке тиесілі болған. Қандай тетік бойынша әрекет етесіздер? Қазір сарайы жекенің меншігінде ме? Оны мемлекетке қайтару үшін қаражат жұмсала ма? – деп сұрады журналист әкімнен.

Ғабит Сыздықбековтың айтуынша, фосфоршылар сарайы, оның бақ аумағы да қала балансына қабылданған.

– Бүгінгі таңда жеке демеушілердің есебімен ол сарайды жобалау жұмыстары басталып кетті. Яғни таяуда реновациялық жұмыстар басталады. Сарайдың өзінде де, бақ аумағы да жөнделеді. Сатып алу мәселесі жоқ. Нысан қала балансына өтті, – деді Ғабит Сыздықбеков.

Бұған дейін БАҚ көп жылдан бері қараусыз қалып, әбден тозығы жеткен бұрынғы Фосфоршылар мәдениет үйі енді Жастар сарайы ретінде халыққа қызмет ететінін жазған еді. Ол жайлы Шымкент қаласының әкімі Ғабит Сыздықбеков әлеуметтік желідегі парақшасында жазған.