×
443.44
480.51
4.88
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
443.44
480.51
4.88

Энергетика министрінің жылу электр орталықтарына жауапты орынбасары қызметінен кеткелі жатыр

11.12.2023, 09:18
Ашық дереккөзден

Энергетика вице-министрі Жандос Нұрмағамбетов 16 қарашадан 15 желтоқсанға дейін еңбек демалысында, кейін басқа жұмысқа ауысуына байланысты жұмыстан босатылады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Министрлік желіде таралған вице-министр мен ведомство басшылығы арасындағы жанжал туралы ақпарат шындыққа жанаспайтынын хабарлайды.

Жандос Нұрмағамбетов бұл қызметте ол екі жыл жұмыс істеді. Ол электр энергетикасы, ЖЭО және жаңартылатын энергия көздері мәселелеріне жетекшілік еткені белгілі.

Энергетика министрлігіне тағайындалғанға дейін ол "KEGOC"АҚ басқарушы директоры болып жұмыс істеді.

Айта кетейік, 1,5 күн ішінде Қазақстанның 5 түрлі өңірінде жылу магистральдарында апат болған. Қазақстандық саясаттанушы Оразғали Селтеев өңірлердегі жылыту кезеңіндегі мұндай сәтсіздіктерге құзырлы орган басшыларының кінәсі бар деп санайды.

Серіктес жаңалықтары