×
442.05
474.14
4.74
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
442.05
474.14
4.74

ProTenge жазбалары кімге жақпай қалды - кибершабуылдың артында кім тұр

11.12.2023, 10:17
Ашық дереккөзден

ProTenge журналистері әлеуметтік желілерінің кибершабуылдарға ұшырағанын мәлімдеді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

"ProTenge Instagram парақшасына кіру 8 желтоқсанда кешкі уақыттан бастап жұмыс күнінің соңына дейін шектелді. Бұл – акаунтымызға жасалған жойқын шабуылдың әсері", – делінген Protenge Telegram арнасында.

ProTenge негізін қалаушы Джамила Маричева бұл әрекет олардың жарияланымдарына цензура қоюмен байланысты екенін атап өтті. Бүгінде акаунтқа кіру қалпына келтіріліп, шабуылдардың артында кім тұрғаны анықталып жатыр.

"Соңғы айда бізде жарияланған бірқатар мақалаға қатысты түрлі тараптардың әрекеті байқалды. Бірақ біз жарияланған жазбаларды жоймаймыз және жіберілген ресми сұрауларды қайтарып алмаймыз. Шамасы, арнаға жасалған шабуыл –  біздің "диалогқа" бас тартуымызға реакция. Бұл ескі әдіспен өздеріне ыңғайсыз журналистиканы "өшіруге" тырысады", – делінген хабарламада.

ProTenge мемлекеттік органдар мен шенеуніктердің тиімсіз шығындары мәселесін шешумен танымал.

Серіктес жаңалықтары