×
442.05
474.14
4.74
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
442.05
474.14
4.74

Несие алуға ерікті тыйым салу: Тоқаев заңға қол қойды

11.12.2023, 18:23
Коллаж Ulysmedia

Қазақстан президенті ақпараттық қауіпсіздік мәселелері жөніндегі заңға қол қойды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Қасым-Жомарт Тоқаев кейбір заңнамалық актілерге ақпараттық қауіпсіздік, ақпараттандыру және цифрлық активтер мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы Заңға қол қойды.

Бұған дейін заң жобасы Парламентте мақұлданған болатын.

Заң қабылданғаннан кейін дербес деректерді қамтитын базалардың операторлары мен меншік иелері бір жұмыс күні ішінде қауіпсіздіктің бұзылғаны туралы уәкілетті органға хабарлауға міндетті болады.

Сондай-ақ жеке басын куәландыратын құжаттардың қағаз көшірмелерін жинауға және өңдеуге тыйым салу көзделеді.

Сонымен қатар, заң қосымша мамандарды тарту және ақпараттық жүйелер мен ресурстардағы осалдықтарды анықтау үшін "ақ" хакерлермен жұмыс істеу мүмкіндігін қарастырады.

Несиеге байланған халық

Бұған дейін Қазақстанда 9 млрд теңгеден астам берешек сомасы бар 6 мың азамат банкрот деп танылғаны хабарланған болатын. Бұл ретте, премьер-министр Әлихан Смайылов халықты несиелендіру мәселесін шешуді тапсырды.

Несиелендіру мәселелерін түбегейлі шешу үшін премьер банктерде және алушылардың санаттарында тұтынушылық кредиттеу шарттары бойынша шектеулер енгізуді, микроқаржы ұйымдарының, әсіресе "жалақыға дейін"заемдар беретін кредиттеудің шекті мөлшерлемелерін, сомалары мен мерзімдерін қайта қарауды тапсырған еді.

20 қазанда қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің басшысы Мәдина Әбілқасымова ведомство тұтынушылық кредиттің ең жоғары сомасына шектеулер енгізуді ұсынатынын айтты. Қазақстандықтар несиені кешірмейтінін мәлімдеді.

Серіктес жаңалықтары