×
495.2
522.34
4.94
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
495.2
522.34
4.94

Балабақшадағы былық: көкөніс екі есе қымбат бағаға жеткізілген

12.12.2023, 10:29
Балабақшадағы былық: көкөніс екі есе қымбат бағаға жеткізілген
Ашық дереккөзден

Қаржылық мониторинг агенттігі Шығыс Қазақстан мен Солтүстік Қазақстан облыстарында әлеуметтік мекемелерге көкөніс жоғары бағамен жеткізілгенін анықтады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Мәселен, ШҚО-да ерекше қажеттіліктері бар балаларды қолдау орталығына 1 келі сәбіз 325 теңгеден, ал қырыққабат 380 теңгеден жеткізілген. Агенттіктің өңірлік департаменті араласқаннан кейін жеткізу тізбегінен делдал алынып тасталды. Ал көкөніс бағасы 2 есеге төмендетілді (сәбіз 120 теңгеге дейін, қырыққабат 180 теңгеге дейін).

Сондай-ақ СҚО-да жеке кәсіпкер 50 млн теңгеден астам сомаға аудандық балабақшаларға көкөніс сату бизнесін ұйымдастырған. Картоптың бір келісі 250 теңгеден жеткізілген, алайда оның сауда нүктелеріне сату бағасы 43%-ке арзан болған (141 теңгеден).

Жүргізілген жұмыстың нәтижесінде әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бағаның көтерілуіне жол бермеу бойынша алдағы жылға арналған шарттар қайта қаралды.

Агенттік әлеуметтік азық-түлікті жеткізу кезінде сауда үстемесі сатып алу бағасының 15%-інен аспауы керек екенін еске салды.