×
441.66
475.14
4.86
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
441.66
475.14
4.86

Юрий Польский Азия теннис федерациясының президенті болып сайланды

12.12.2023, 14:50
Ашық дереккөзден

Қазақстандық Юрий Польский алдағы 4 жылға ATF (Азия теннис федерациясы) президенті болып сайланды. Сайлау сейсенбіде Бангкоктағы ATF бас сессиясы аясында өтті, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ATF президенті болуға Таиланд, Жапония және Шри-Ланкадан тағы үш үміткер тіркелді. Сайлау барысында Юрий Польский ең көп дауыс жинады. Атап айтсақ, 55 мүмкіндіктен 34 дауысқа ие болды.

Юрий Польский Азия теннис федерациясының директорлар кеңесін де басқаратын болады. Онда ол соңғы 4 жылда вице-президент қызметін атқарған еді.

Сайлауға соңғы 16 жылда Қазақстан теннис федерациясы жүргізіп келе жатқан реформалар әсер етті. Қазақстан теннис федерациясының өкілдері Азия елдерімен бұл тәжірибесімен бөліспек.

Қазақстан теннис федерациясының президенті қызметін 2007 жылдан бері кәсіпкер және меценат Болат Өтемұратов атқаратынын атап өткен жөн.

Серіктес жаңалықтары