×
441.66
475.14
4.86
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
441.66
475.14
4.86

"Қазавтожолдың" жаңа басшысы жұмысына кірісті

12.12.2023, 18:15
«Қазавтожол»

"ҚазАвтоЖол" ҰК АҚ жаңа басқарма төрағасын тағайындау туралы хабарлады. Ол қызметке Иманашев Дархан Серікұлы кірісті, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Ол 1983 жылы Қарағанды облысында дүниеге келген. Еңбек жолын жол шебері қызметінен бастаған. Кейін "Қазавтожолда", көлік және коммуникация министрлігінде жұмыс істеді. Қарағанды облысы әкімінің орынбасары қызметін де атқарған.

Бұған дейін Мейірхат Қасымбаевтың "ҚазАвтоЖол "ҰК "АҚ" Ұлттық компаниясының төрағасы қызметінен кеткені хабарланған болатын.

Мейірхат Қасымбаев 2022 жылдың ақпан айында қызметке тағайындалды. Бір жарым жылдан астам жұмыс істегеннен кейін ол кететінін жариялады.

- Бүгін өз еркіммен "ҚазАвтоЖол "ҰК"АҚ басқарма төрағасы қызметінен кетемін. Екі жылға жуық уақыт ішінде әріптестерімізбен бірге "ұзақ құрылыс"деп аталатын жобаларды аяқтауға бар күшімізді салдық. Үлкен жұмыс атқарылды, – деді бұрынғы басшы.

Бұған дейін «Қазавтожол» жүргізушілердің 40 млн теңгеге жуық қаржысын қайтаратынын жазған едік.

Серіктес жаңалықтары