×
439.43
473.31
4.82
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
439.43
473.31
4.82

Жаңаөзенде заңсыз ойын бизнесімен айналысқан қылмыстық топ құрықталды

13.12.2023, 08:53
Ашық дереккөзден

Жаңаөзен қаласында заңсыз ойын бизнесімен айналысқан ұйымдасқан қылмыстық топтың жолы кесілді, деп мәлімдеді қаржы мониторингі агенттігі. Заңсыз әрекеттен түскен кіріс көлемі 77 млн теңгеден асты, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Олар ойын ойнауға арналған компьютерлер балансын жүйелі түрде толықтырып, заңсыз қызмет атқарған.

"Тінту кезінде ойын ойнауға арналған құрылғылар: жүйелік блоктар, мониторлар, чек принтерлері мен сканерлері, теледидарлар, телефондар және қолма-қол ақша алынды. Заңсыз әрекеттен түскен кіріс көлемі 77 млн теңгеден астыТергеу жалғасуда", - делінген хабарламада.

Бұған дейін Қазақстанда шенеуніктер мен әскерилердің ойын мекемелеріне баруына тыйым салынатынын жазған едік.

Серіктес жаңалықтары