×
442.05
474.14
4.74
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
442.05
474.14
4.74

Шетелдік банктерде шот ашқан қанша қазақстандық бар

13.12.2023, 16:08
Ашық дереккөзден

494 жеке тұлғаның атында 26 мемлекетте 600-ден астам жылжымайтын мүлік тіркелген, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Астана қаласы Нұра ауданы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасының бөлім басшысы Руслан Жайкеевтің айтуынша, 2021 жылдан бері табыс декларациясын тапсырудың екі кезеңі өткен. Соның аясында мыңдаған адам есеп тапсырды.

"Қазіргі кезде 354 жеке тұлғаның шет елдерде банктік шоты бар. Сонымен қатар 494 жеке тұлғаның атында 26 мемлекетте 600-ден астам жылжымайтын мүлік тіркелген", - деді Жайкеев орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте.

Оның айтуынша, 2025 жылдан бастап камералық бақылау басталады. Әзірше құқық қорғау органдары ғана қажетті ақпаратты ала алады.

"Мысалы, сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет бізге сұрау салса, бере аламыз. Ал жалпы заң бойынша жеке тұлғаның қанша ақшасы және мүлкі бар деген мәлімет жарияланбайды. Оның бәрі салық құпиясына жатады", - деп атап көрсетті Жайкеев.

Қаржы министрлігі Дариға Назарбаева мен Нұрбол Назарбаевтың да декларация тапсырғанын айтқан болатын.

Серіктес жаңалықтары