×
442.05
474.14
4.74
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
442.05
474.14
4.74

Қытай Қазақстаннан жүк қабылдауды тоқтатты

13.12.2023, 18:20
Ашық дереккөзден

Қытай Қазақстаннан теміржол көлігімен жүк қабылдауды тоқтатты, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

«Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ баспасөз қызметінің хабарлауынша, Достық (ҚР) және Алашаңқай (ҚХР) станцияларында қалыптасқан ауа райының қолайсыздығына байланысты Қазақстаннан ҚХР-ға жүк қабылдау баяулады. Атап айтқанда, Қытай астық тасымалдаушыларды, астық жүктері мен ұнтақ өнімдері бар жабық вагондарды, өсімдік майы бар цистерналарды қабылдамауда. Алашаңқай станциясында терминалдардың жұмысы тоқтатылды.

12-13 желтоқсан аралығында түнде пойыздарды жіберу толығымен тоқтатылды. Күндіз-пойыздардың орташа тәуліктік алмасуы 5 есеге:  15-тен 3 құрамға дейін төмендеді.

Осыған байланысты ҚТЖ 25 желтоқсанға дейін Достық шекара өткелі арқылы контейнерлерде, астық тасымалдаушыларда, жабық вагондарда астық жүктерін және цистерналарда өсімдік майларын қабылдауға тыйым салды.

Серіктес жаңалықтары