×
444.14
477.05
4.85
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
444.14
477.05
4.85

Ақтөбе мектебінде оқушы қайтыс болды

14.12.2023, 14:43
Pixabay

Қайғылы оқиға №27 мектепте болған. Жетінші сынып оқушысы үстелдің бұрышына соғылып, құлап түскен, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Мектеп оқушыларының бірінің айтуынша, оқиға үшінші қабатта болған.

"Ол сыныпқа жүгіріп барып, табалдырықты басып, үстелдің бұрышына тамағын соқты", – деді куәгерлер.

Ақтөбе облысының денсаулық сақтау басқармасының хабарлауынша, бала ауруханаға клиникалық өлім жағдайында жеткізілген.

"Тексеру кезінде каротид артериясында пульсация болмады, қан қысымы анықталмады. Есін білмеді. Иек аймағында жара болды. Шұғыл реанимация басталды. Сағат 11: 25- те өлім тіркелді", - деді өңірлік денсаулық сақтау басқармасының басшысы Рүстем Исаев.

Серіктес жаңалықтары