×
441.44
473.09
4.75
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
441.44
473.09
4.75

Ақмола облысында үш адам тірідей жанып кетті

16.12.2023, 12:17
Sinegor.kz

Кеше Қостанай – Әулиекөл – Сурған автожолындағы Ковыльное ауылының маңында жантүршігерлік көлік апаты орын алды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Бұл күні Есіл ауданының полициясына жедел жәрдем диспетчерінен автожолдың 244 шақырымында жол-көлік оқиғасы орын алғаны туралы шақыру келіп түсті. Қостанай облысының Октябрьское кентіне бара жатқан Audi-100 көлігінің артынан ВАЗ-21014 автокөлігі соққан. Салдарынан Audi-100 көлігі қарсы жолаққа түсіп кетіп, Volvo жүк көлігімен бетпе-бет соқтығысқан. Салдарынан көлік кюветке аударылып, отқа оранған. 

“Audi-100 жүргізушісі оқиға орнында алған жарақаттарынан қайтыс болды. Ал сол көліктің жолаушылары (әйел, үш айлық сәби және бесінші сынып оқушысы) өртеніп кетті”, – делінген хабарламада.

Қайтыс болған жолаушылардың жеке басы және оқиғаның мән-жайы анықталуда. Осы жағдай бойынша ҚК-нің 345-бабының 4-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды (Көлік құралдарын басқаратын адамдардың жол жүрісі немесе көлік құралдарын пайдалану қағидаларын бұзуы).

Серіктес жаңалықтары