×
443.37
474.49
4.83
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
443.37
474.49
4.83

Ақтаулықтар 10 күн бойы бүрсеңдеп отыр

17.12.2023, 12:58
Коллаж Ulysmedia

Ақтау қаласының шағын аудандарының бірінің тұрғындары коммуналдық мәселелерге байланысты 10 күн жылусыз отыр, деп хабарлайды Ulysmedia.kz Lada.kz. сайтына сілтеме жасап.

26 шағын аудандағы №31 үйдің тұрғындары коммуналдық қызмет көрсету мәселелеріне байланысты өз шағымдарын білдірді.

Жергілікті тұрғындардың айтуынша, төрт кіреберісте он күн бойы жылу жоқ. Алайда, қалған 11 кіреберістің тұрғындары жылумен қамтылған.

“Бұл жағдай нағыз сынақ болды. Пәтереміз мұзға айналды. Ал менің балама небәрі 40 күн толды. Біз ПИК-ке хабарласып, "109" телефонына қоңырау шалдық. Президентке Instagram арқылы, Маңғыстау облысы әкімдігінің Telegram-чатына хабарластық. Бірақ нәтиже болмады. Біз митингке шығуға дайынбыз. Бұл адамдарға жасалған қастандық", - деп шағымданды Гүлмира есімді тұрғын. 

"ҚЖСА" МКК өкілдері жылумен жабдықтауда үзілістер болмағанын мәлімдеді.

Естеріңізге салсақ, өткен аптада сегіз қалада, соның ішінде Көкшетау, Балқаш, Ақтау, Теміртау, Риддер және Жаңаөзенде жылу жүйелерінің жұмысында ақаулар анықталған еді. Ал Үкімет апаттан қашып құтыла алмайтынын алға тартты.

Серіктес жаңалықтары