×
442.05
474.14
4.74
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
442.05
474.14
4.74

Ақтауда жанжал жаппай төбелеске ұласты

18.12.2023, 10:05
Pixabay

Төбелес спорт барына кіреберіс аумақта болған деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Бейнежазбаларда бірнеше ер адамның төбелесіп жатқанын көруге болады.

Оқиға орнына бірінші болып жедел әрекет ету жасағы жетті. Олар ер адамдар арасындағы қақтығысты тоқтата алмады. Бұзақылардың бірі таспен қаруланып, қарсыласын ұрып тастады, деп жазады Lada.kz.

Полиция басқармасына 33 және 34 жастағы күдіктілер жеткізілгені хабарланды.

"Бұл факт ҚР ҚК 293-бабының 2-бөлігі (бұзақылық) бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексерулердің бірыңғай тізілімінде тіркелген. Тергеу жүріп жатыр", - делінген хабарламада.

Серіктес жаңалықтары