×
441.66
475.14
4.86
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
441.66
475.14
4.86

ҰҚК шетелдік алаяқтарға көмектескен адамды құрықтады

19.12.2023, 16:48
gov.kz

Ұлттық қауіпсіздік комитеті шетелдік алаяқтарға көмектескен Қазақстан азаматын ұстады. Ол алаяқтардың Қазақстанға шалған қоңырауларын жасыруға мүмкіндік беретін қызмет көрсеткен, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

"Бұл операциялар шетелдік нөмірлерді қазақстандыққа ауыстыратын арнайы құрылғы мен бағдарламаларды пайдалану арқылы жасалған", - делінген Ұлттық қауіпсіздік қызметі хабарламасында.

Нәтижесінде күдікті ұлттық байланыс операторларына залал келтірген. Ал шетелдік алаяқтар оның қызметін пайдаланып ел тұрғындарын алдаған.

Қазір Қылмыстық кодекстің 210-бабы 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Серіктес жаңалықтары