Qazhome тұтыну кооперативінің атынан қаржылық пирамида ұйымдастырған Атырау тұрғындары бас бостандығынан айырылды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
Азаматтарға жылжымайтын мүлікпен қамтамасыз ету сылтауымен қаржылық пирамидасына ақша салу ұсынылған.
Сотқа дейінгі тергеп-тексеру барысында кооператив қызметіне 300-ге жуық салымшы тартылғаны анықталды. Шағым түсірген 35 адамның шығынының өзі 49 млн теңгеден асып отыр.
QazHome басшыларына әрқайсысына алты жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.