×
443.35
475.54
4.82
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
443.35
475.54
4.82

Бишімбаевтың ісі: Көз жұмған Нүкенованың денесіне 12 сараптама белгіленген

21.12.2023, 13:04
Коллаж: ulysmedia.kz.

Бұл туралы әділет министрлігінің ресми өкілі Талғат Уәли мәлім етті, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

– Қуандық Бишімбаевқа қатысты іс туралы айтар болсақ, шынында да, қылмыстық іс аясында Салтанат Нүкенованың денесіне сараптама жүргізу туралы материалдар келіп түсті. Біз оның көз жұмған жағдайлары туралы айта алмаймыз. Қылмыстық іс шеңберінде 12 түрлі сараптама тағайындалды. Оның 10-ы бойынша қорытынды беріліп, уәкілетті органдарға жолданды. Бір сараптама осы аптада аяқталады, - деді Талғат Уәли.

Соңғы сараптама тек 20 желтоқсанда белгіленген. Ол 30 күнтізбелік күн ішінде өткізіледі. Қорытындылар ішкі істер министрлігіне жіберіледі.

Еске салайық, бұрынғы экономика министрі Қуандық Бишімбаев Астанадағы мейрамханалардың бірінде әйелін ұрып өлтірді деген күдікпен қамауға алынды.

Қайтыс болған Салтанат Нүкенованың ағасы Қайрат Нүкенов "Бишімбаевты ақтауға тырысқан" блогерлерді айыптай сөйлеп, экс-министрді туыстары ешқашан кешірмейтінін мәлімдеді.

Қылмыстық іске президент Қасым-Жомарт Тоқаев та назар аударып, істі ІІМ басшылығына ерекше бақылауға алуды тапсырды. Кейін экс-министр Бишімбаевтың үстінен «аса қатыгездікпен адам өлтіру» бабы бойынша іс қозғалғаны белгілі болды.

Серіктес жаңалықтары