×
441.66
475.14
4.86
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
441.66
475.14
4.86

Газа секторында қаза тапқандар саны 20 258 адамға жетті

24.12.2023, 11:42
Коллаж Ulysmedia

Израильдің Газа секторына соққылары салдарынан 7 қазаннан бері 20 258 адам мерт болды, тағы 53 688-і жарақат алды. Бұл туралы Анадолы агенттігі Газадағы Денсаулық сақтау министрлігіне сілтеме жасап жазды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Ведомство мәліметінше, тек кейінгі 24 сағатта палестиналық эксклавта 201 адам көз жұмды, 368 адам зардап шекті.

Бұған дейін Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының атқарушы кеңесі шұғыл отырыс өткізген болатын. Негізгі себеп - Газа секторындағы бұрын-соңды болмаған гуманитарлық дағдарыс жағдайы.

Сессияда сөйлеген сөзінде ДДҰ басшысы Тедрос Адханом Гебрейюс БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің атысты дереу тоқтатуға шақыратын қарар қабылдай алмауына қатты ренжіді.

"Газа тұрғындарын қорғаудың жалғыз нақты жолы - бітімгершілік", - деп атап өтті ол.

Сонымен қатар, Гебрейюс Газа секторындағы денсаулық сақтау шаралары қысқарғанын, дәрігерлер азайып, өте шектеулі ресурстармен жұмыс істеп жатқанын атап өтті. Осы тұрғыда атқарушы кеңес мүшелері басып алынған Палестина территориясындағы адамдардың денсаулығын қорғауға бағытталған қарарды талқылауда.

Соғыс қимылдары басталғаннан бері Газада кем дегенде 286 медицина қызметкері қаза тапқан.

Серіктес жаңалықтары