×
443.35
475.54
4.82
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
443.35
475.54
4.82

Тұрлыханов туған ұлын үздік жаттықтырушы деп таныды

26.12.2023, 13:05
Коллаж Ulysmedia

Қазақстан күрес федерациясы жылды қорытындылау конференциясында бірқатар балуандар мен бапкерлерді марапаттады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Марапатқа марқаю

Ересектер арасындағы әлем чемпионатының қола жүлдегері әрі команда капитаны Азамат Дəулетбековке автокөліктің кілті табысталса, отандық күрестің тарихын қайта жазған аса дарынды әрі 2023 жылдың ең нәтижелі балуаны – Ризабек Айтмұханға баспана берілді. Сондай-ақ, U23 жасқа дейінгі жастар арасындағы әлем чемпионы  Сұлтан Әсетұлына пәтердің кілті және күміс жүлдегер - Асылжан Есенгелдіге, қола жүлдегер атанған Алтын Шағаеваға, Ирина Кузнецоваға қаржылай сыйақы табысталды.

Қызығы сол, мәжіліс депутаты, грек-рим, еркін және әйелдер күресі федерациясының президенті Дәулет Тұрлыханов ұлы Данияр Тұрлыхановты Қонысбек Түкенов бірге “үздік жаттықтырушы” деп танып, құрмет көрсетті.

Тұрлыханов үздіктерге өзі бейнеленген кітапты сыйға тартты.

“Бұзық бала”

Мәжілісменнің кіші ұлы Нұрасыл Болат 2023 жылдың ақпан айында Алматыда заңгерлер Анна Димитриевич пен Олег Черновты ұрып-соққаны белгілі. Заңгерлер Нұрасыл ұрып жатқан қызға араша түсуге тырысқан-ды.

Сот жаза ретінде 1,7 млн теңге айыппұл, ал заңгерлерге 1 млн теңге өтемақы тағайындады.

Бұған дейін Нұрасыл мерзімді қызмет өткеріп жатқан әскери бөлімнен қашып кеткен болатын. Ол келесі күні табылды.

Депутат деген екен...

Бұл оқиғалардан кейін Дәулет Тұрлыханов өзінің мандатын тапсыруға ниеті жоқ екенін мәлімдеді. Ол “ақпараттық шабуыл” туралы айта келіп, елімізде баласынан басқа да назар аударатын маңызды мәселелер көп екенін алға тартты.

Серіктес жаңалықтары