×
441.58
480
4.86
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
441.58
480
4.86

Yandex.kz серверлері Қазақстанға көшірілді

26.12.2023, 18:06
Shutterstock

Яндекс yandex.kz серверлерін Қазақстанға көшіруді аяқтады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz цифрлық даму министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Жұмыстар осы жылдың тамыз айынан бастап цифрлық даму министрлігімен келісілген жоспар бойынша жүргізілді. Енді yandex.kz тек ел ішінде орналасқан серверлерде ғана жұмыс істейді", - делінген ведомство хабарламасында.

Яндекстің Қазақстандағы командасы елге қажетті жабдықтарды әкеліп, оны пайдалануға берді. Бұдан кейін жүктемелік тестілеу жүргізілді және оны сәтті аяқтағаннан кейін yandex.kz порталы толығымен жергілікті серверлерге ауыстырылды.

Министр Бағдат Мусин серверлерді ел аумағына көшіру – маңызды қадам деп санайды. Яндекс Қазақстан ұлттық ресурстарды нығайту бойынша жоспарлы түрде жұмыс істейді және өзінің қазақстандықтарға арналған сервистерін локализациялауда.

"Серверлерді ел аумағына көшіру – маңызды қадам. Бұл біздің пайдаланушыларымыздың деректерінің Қазақстанда өңделетінін көрсетеді. Министрлік азаматтарымыздың қауіпсіздігіне айрықша көңіл бөледі", – деді Бағдат Мусин.

Соңғы 4 жылда 30 000-ға жуық интернет-ресурс қазақстандық серверлерге ауыстырылған.

Еске салайық, жуырда БАҚ беттерінде Ресейдің федералды қауіпсіздік қызметі Қазақстандағы "Яндекс.Такси" қызметіне қатысты мәліметтерге тәулік бойы рұқсат алатыны туралы ақпарат тараған

Қазақстандағы Яндекс Go компаниясы бұл ақпаратқа түсініктеме беріп, Ресей заңнамасы Қазақстандағы қызметке және оның пайдаланушыларына қатысты қолданылмайтынын жеткізген.

9 тамызда Қазақстанда Yandex.kz іздеу жүйесінің жұмысы деректерді сақтау ережелерінің бұзылуына байланысты бұғатталды. Цифрландыру министрлігі компанияға деректерді өңдеу орталықтарының орналасқан жері туралы, сондай-ақ Қазақстан азаматтарының дербес деректерін қорғау шаралары туралы толық ақпарат беру туралы сұрау жіберді.

Сондай-ақ, ресурстан өз доменін республика аумағына көшіру талап етілді.

Серіктес жаңалықтары