×
441.66
475.14
4.86
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
441.66
475.14
4.86

Абай облысында «терроризмді насихаттады» деген күдікті ұстады

29.12.2023, 10:27
ҚР ҰҚК

2023 жылғы 29 желтоқсанда Ұлттық қауіпсіздік комитеті прокуратура органдарының үйлестіруімен және полицияның қолғабыс етуімен Абай облысының тұрғыны ұсталғанын хабарлады, деп жазады Ulysmedia.kz.

ҰҚК хабарлауынша, ол терроризмді насихаттауда, соның ішінде әлеуметтік желілер арқылы насихаттады деген күдікке ілінген. Тергеу әрекеттері барысында заттай дәлелдемелер алынған.

Қылмыстық кодекстің 256-бабы 2-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізіліп жатыр.

Ұлттық қауіпсіздік комитеті 22 желтоқсанда шетелге ұшып кетпек болған радикалдың ұсталғаны жөнінде ақпарат таратқан болатын.

Серіктес жаңалықтары