×
498.34
519.72
4.85
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
498.34
519.72
4.85

Балаларды COVID-19-ға қарсы міндетті вакцинациялау туралы бұйрыққа қол қойылды – фейк

23.10.2021, 16:58
Балаларды COVID-19-ға қарсы міндетті вакцинациялау туралы бұйрыққа қол қойылды – фейк
Фото: ашық дереккөз

Әлеуметтік желілер мен мессенджерлерде қазақстандықтар ҚР Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой балаларды COVID-19 қарсы міндетті вакцинациялау туралы бұйрыққа қол қойғаны туралы хабарлама таратылуда. Бұл жалған, деп хабарлайды ulysmedia.kz.

stopfake.kz-ның мәліметінше, санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитеті 12 жастан асқан барлық балаларды COVID-19-ға қарсы вакцинациялауға міндеттейтін бұйрық туралы ақпаратты жоққа шығарды. Ведомствоның ресми өкілі мұндай бұйрық жоқ екенін мәлімдеді.

«Қазіргі уақытта вакцинаның қажетті көлемін есептеу, суық тізбекті қамтамасыз ету жүргізілді (Pfizer вакцинасы үшін ультра төмен температуралық режимді сақтау қажет -минус 60 -90 градус Цельсий). Жасөспірімдерді егуге арналған вакцинаны алудың болжалды уақыты – биыл қарашаның екінші онкүндігінде. Аталған топтарға жататын тұлғаларды вакцинациялау олардың ақпараттандырылған ерікті келісімінен кейін, жасөспірімдерді – тек ата-аналардың немесе ресми өкілдердің келісімі бойынша ғана жүзеге асырылатынын атап өткеніміз жөн», - деді Ержан Байтанаев.

Айта кетейік, еліміздің бас санитарлық дәрігері Ерлан Қиясов халықты коронавирустық инфекцияға қарсы Pfizer вакцинасымен егу бойынша әдістемелік ұсынымдарды бекіткен болатын. Бірінші кезеңде препарат 16-37 апта мерзіміндегі жүкті әйелдерге және 16-дан 18 жасқа дейінгі жасөспірімдерге егіледі.