×
441.66
475.14
4.86
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
441.66
475.14
4.86

Жылдың үздік сұрмергені - Роналду биыл 54 гол салды

31.12.2023, 18:57
AFP

Кәріліктің "ауылына" қадам басып, Сауд арабиясы чемпионатынан бір-ақ шыққан атақты португалдық Криштиану Роналду гол салудан жаңылмапты, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

«Аль-Наср» клубының шабуылшысы «Аль-Таавун» командасымен болған кездесуде ойынның 92-минутында мергендігімен көзге түсіп, биыл соққан голдарының санын 54-ке жеткізді. Сөйтіп, әлемнің 2023 жылғы ең үздік бомбардирі атанды.

Оны қуып жететін ешкім жоқ. Себебі, чемпионаттар тоқтап тұр.

Сәйкесінше, екінші орынға француз Килиан Мбаппе («Пари Сен-Жермен») мен ағылшын Харри Кейн («Бавария») жайғасты. Олардың еншісінде 52 голдан бар. Ал норвег Эрлинг Холанд («Манчестер Сити») 50 гол соқты.

Криштиану Роналду мұндай нәтижеге 2016 жылдан кейін қол жеткізіп отыр. Ол жылы шабуылшы 55 мәрте қақпашыны қапы қалдырған болатын.

Португалиялық футболшы «Аль-Наср» клубында 2023 жылдың қаңтар айынан бастап өнер көрсетеді. 

Серіктес жаңалықтары