×
443.35
475.54
4.82
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
443.35
475.54
4.82

«Кеттің бе – қайырылма!»: Тоқаев Назарбаевқа саяси құйтырқылық жайлы ашық айтқанын мәлім етті

03.01.2024, 08:26
Коллаж: ulysmedia.kz.

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев «Egemen Qazaqstan» газетіне берген сұхбатында «2019 жылы президент лауазымына сайланғаннан кейін елімізде қосарланған билік жүйесі қалыптасты ма?» деген сұраққа жауап берген.

– Келесі сұрақ сізге ұнамауы мүмкін. Бірақ бұл сауалды қой­мас­қа тағы болмайды. Сіз 2019 жылы Президент лауазымына сайланғаннан кейін елімізде қосар­ланған билік жүйесі қалыптасты-мыс деген сөз тарады. Кейбіреулер біздің саяси жүйемізді Иранның, Сингапурдың жүйесімен салыстырды. Шынымен де, сол кезде елімізде екі билік орталығы орнағандай көрінді. Расымен солай болды ма? – деп сұрайды сұхбатта Дихан Қамзабекұлы.

Төтесінен қойған сұраққа мемлекет басшысы тура жауап берейін дейді. Конституцияға сәйкес, президент еліміздің ішкі және сыртқы саясатының негізгі бағыттарын айқындайтынын, мемлекетіміздің жоғары лауазымды тұлғаларын, Қарулы күштердің жоғары басшылығын тағайындайтынын, оларды қызметінен босататынын атап өтеді. Сондай-ақ мемлекет басшысы еліміздің Жоғарғы бас қолбасшысы саналады.

– Алайда бәзбіреулер қосарланған билік жүйесін орнатуға талпынғаны, тіпті, мұндай әрекеттерді әдейі әрі мұқият ұйымдастырғаны рас. «Билік транзиті» кезіндегі ахуалды саясаттағы айлакерлер өз мүддесіне пайдаланып, қосамжарланған билік орталығын құруға тырысты. Елімізде президент әрі жоғарғы бас қолбасшы лауазымы бір бөлек, бұрынғы президент иеленген Қауіпсіздік кеңесінің төрағасы лауазымы бір бөлек болды. Осы екі лауазымның иелері бір мезетте қатар қызмет атқарды. Түптің түбінде бұл жағдайдың билікте қатаң текетірес туғызбай қоймасы анық еді.

Мұны аз десеңіз, дәл осы жағдай Қаңтар дағдарысына әкеп соқтырған алғышарттың бірі болды. Өйткені ымыраласқан қаскөйлер өздері ойлап тапқан қосарланған билік, яғни «тандем» идеясын дәріптеп, оны өз мүддесіне пайдаланғысы келді. Кейбір лауазымды тұлғалардың, оның ішінде бұрынғы Әділет министрінің мәртебе жағынан Елбасы Президенттен жоғары тұратынын айтқаны естеріңізде шығар. Кейбір шенеуніктер біресе ана, біресе мына кабинетті жағалап жүрді. Олар ойнақтап жүріп, ақыры от басты. Мен кейінірек Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевқа оның жақын серіктерінің саяси қитұрқылығы еліміздің тас-тал­қа­нын шығара жаздағанын ашық айттым, – дейді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Президент мемлекетте үлкен және кіші президент деген болмауы керек деп санайды. 

««Кеттің бе – қайырылма!» Болашақта ел тізгінін ұстайтын азаматтар осы жағдайдан сабақ алып, мұндай нәрседен қашық болуға және тек қана мемлекеттің мүддесі мен қоғамның береке-бірлігін ойлауға тиіс. Өкінішке қарай, ішкі саяси дағдарысқа байланысты туындаған сын сағатта негізгі құқық қорғау органдары басшыларының бетпердесі сыпырылып, олардың кәсіби біліксіздігі, қала берді сатқындығы әшкере болды. Ата заңға сәйкес жұмыс істейтін орнықты әрі тиімді мемлекеттік институттар жүйесін құру ауадай қажет екені Қаңтар оқиғасынан айқын көрінді. Біз бір ел болып, бұл дағдарысты ең­­сер­дік, қиындыққа қасқая қарсы тұрып, одан тіпті шыңдалып шық­тық. Азаматтарымыздың бекем бірлі­гінің және барлық деңгейдегі билік өкілдерінің батыл іс-әрекеті­нің ар­қасында алапат апаттың бетін қай­тарып, елдегі ахуалды тұрақтандыра алдық. Кейін кейбір қаскөйлер тергеу кезінде халық жауапты сәтте жұдырықтай жұмыла біледі, билік қандай қатерге де қаймықпай төтеп бере алады деп еш күтпегенін мойындады, – дейді Тоқаев.

Серіктес жаңалықтары