×
441.66
475.14
4.86
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
441.66
475.14
4.86

Түркістан облысында 95 млн теңге айыппұлы бар 13 автокөлік "қамалды"

03.01.2024, 15:50

Түркістан облысында "Қорғау" жүйесінің көмегімен қарызы 95 миллион теңгеден асатын 13 автокөлік анықталды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Түркістан облысы ПД ЖБО қызметкерлері жеке сот орындаушыларынан келіп түскен сот қаулыларының негізінде ірі мөлшерде берешегі бар автомобильдерді анықтады. Бұл бағытта тәртіп сақшылары "Қорғау" бағдарламасын қолдануда.

Бейнебақылау камераларының көмегімен полицейлер екі айдың ішінде қарызын төлеуден жалтарған 13 автокөлік иесін анықтады. Олардың жалпы қарызы 95 млн теңгеден асады. Бұл көліктер сот шешіміне сәйкес, автотұраққа қамалды.

Мәселен, жедел басқару орталығына жеке сот орындаушысынан Toyota автокөлігін анықтауға көмек көрсету туралы өтініш келіп түсті. Оның иесі 27 млн 621 мың теңге көлемінде берешегін төлемеген. Полицейлер "Қорғау" бағдарламасының көмегімен Түркістан көшелерінің бірінде аталған көліктің орналасқан жерін анықтап, тоқтатты. Тәртіп сақшылары борышкердің көлігін автотұраққа кіргізді.

Серіктес жаңалықтары